«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1080 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 238 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
Жеке қауіпсіздік департаменті – 06 деген бөлімде:
Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (бір бірлік), С-4 санаты, 06-01-02 және Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (екі бірлік), С-4 санаты, 06-01-03, 06-01-04 біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын:
«
Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (екі бірлік), С-4 санаты, 06-01-02, 06-01-03